Семейде ер адам баласы бар әйелді "сұлатып түсірді"
Желіде ер адамның баласы бар әйелді ұрып кеткен видеосы таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиға 2021 жылдың 31 қаңтарында Семейде болғанын хабарлады.
Кадрлардан қолында баласы бар әйел аулада жүргенін көруге болады. Сол кезде ер адам оған жақындап, оны басынан ұрады. Нәтижесінде әйел баласымен бірге жерге құлайды.
"Ер адамның, әйелдің және баланың қатысуымен таралған видеоға қатысты қалалық полиция басқармасы тиісті тексеруді бастағанын хабарлаймыз. Осы уақытқа дейін аталған факті бойынша өтініштер түскен жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады полициядан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”