Семейде денесіне цефтриаксон егілген азамат комаға түсті
Семейде денесіне цефтриаксон препараты егілген ер азамат өліп кете жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.
Семей қаласында ер азаматқа үйінде цефтриаксон дәрісі егілген көрінеді. Салдарынан оның жағдайы нашарлап, шақыртумен келіп жеткен жедел жәрдем оны о дүниеден бетін қайтарып алыпты.
50 жастағы азаматтың ағзасында дәріге қарсы реакция пайда болған. Нәтижесінде ол комаға бір-ақ түскен. Хабар келіп түскеннен соң жедел жәрдем науқас тұратын үйге 8 минуттан кейін келіп, оны ауруханаға жеткізіпті.
Ұқсас жағдайдың алдын алу үшін дәрігерлер өз беттеріңізше ем қабылдамаңыздар деп кеңес берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”