Семейде Би-2 тобының концертінен жиналған қаражат қайырымдылық мақсатта үлестіріле бастады
Семейдегі Би-2 тобының концерттік кешінен түскен қаражат қайырымдылық мақсатта беріле бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семейдегі концерттік кешті ұйымдастырған Аркадий Резник қайырымдылық мақсатта ақша беріле бастағанын әлеуметтік парақшасында жазды. Ол жиналған қаражат теңдей 15 бөлікке бөлінетінін хабарлады. Одан қалған ақша еріктілер мен өрт сөндірушілерге қажетті жабдық сатып алуға жұмсалмақ.
“Бүгін алғашқы қайырымдылық күні. Орман өртінен зардап шеккен 4 отбасыға 6 миллион теңгеден берілді. Жақын уақытта қалған отбасыларға бөлінген ақша жеткізіледі. Қайырымдылық шарасына үлес қосқан Би-2 тобына алғысым шексіз”, - дейді Аркадий Резник.
Еске салайық, бұған дейін ресейлік топ Семейде концерт беріп, одан түскен қаржыны орман өртінен зардап шеккен отбасыларға беретінін мәлімдеген. Бірақ халық пікірі екіге жарылып, Семей әкімдігі шараның өтпейтінін хабарлады. Ақырында ортақ шешіммен рұқсат берілген болатын.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
