Соңғы жаңалықтар

Семейде банк қызметкері анасы үшін кассадан 2,5 млн теңге ұрлаған

Семейде банк қызметкері анасының қымбат операциясын төлей алмай, кассадан ақша ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

42 500 теңгеден алатын қазақстандық көпбалалы отбасылар АӘК-ден қағыла ма?

Іс материалдарына сәйкес, Семей қаласының тұрғыны мансабында жақсы жетістікке жеткен: бірнеше жыл ішінде қыз қарапайым банк қызметкерінен басшылық позицияға көтерілді. Осы оқиға алдына ол кассирлердің жұмысын бақылаумен және кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен айналысты.

Қыздың анасы инфарктпен ауруханаға түскенде дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды, бірақ жедел қымбат операция қажет болды. Ал қыздың қомақты ақшасы болмады.

Дәл осы кезде бір әйел 2,5 миллион теңгені депозитке салғысы келіп, банкке жүгінген.

Банк қызметкерінің айтуынша, бұл сома оның анасын құтқаруы мүмкін еді және ол қылмыс жасауға бел буды.

Ақша кассаға түскен кезде, қыз құрбысына қоңырау шалып, банкке келуін өтінген.

Сонымен бірге, ол банктің орталық кеңсесіне есепшотқа ақша аударымын тоқтату туралы хат жіберген. Ол клиент депозит ашу туралы шешімін өзгерткенін мәлімдеген.

Құрбысын кассаға клиен ретінде таныстырған. Бастықтың алдамайтынына сенген есепші екі жарым миллион теңгені қайтарған. Жұмыс күнінен кейін алаяқ құрбысынан ақша алған.

Алты айдан кейін банктің клиенті соманың бір бөлігін алуғысы келген. Қыз аға кассирге бөлімнің төтенше жағдайлар бойынша резервінен ақша беруді бұйырған. Бұл ұрлықтың ашылуын уақытша кешіктірді. Көп ұзамай банктік тексеру кезінде ақша жетіспеушілігі анықталып, қыз кінәсін мойындауға мәжбүр болды.

Қыз сотта барлығын мойындады, ұрланған ақшаның барлығын банкке қайтарып берді. Сот оны бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды, сондай-ақ қыз жүз сағат жұмыс істеуге мәжбүр болады және шамамен 40 мың теңге айыппұл төлейді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр