Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде балаларды бейімдеу арнайы мекемесінен екі қыз қашып кетті

Семейде балаларды бейімдеу арнайы мекемесінен 15 пен 16 жастағы екі қыз қашып кеткен. Олардың жоғалғанын жергілікті еріктілер мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lider.kz парақшасына сілтеме жасап.

қыздар

Жергілікті еріктілер 14 шілде күні кешке жасөспірімдерді бейімдеу орталығынан екі қыздың қашып кеткенін хабарлады.

Желі қолданушылары қыздардың арнайы мекемелерден және үйден қашып кетуі бірінші рет емес екенін жазған.

Белгісіз бағытқа қашып кеткен Айдана Әділғазина мен Александра Юрченко әлі іздестірілуде.

"Кімде-кім кәмелетке толмағандардың жүрген жері туралы білсе, облыс полициясына +7 (747) 349-57-17, +7 (771) 349-57-17 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Талқылау