Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде балалар үйінің тәрбиеленушісі көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семейдегі мектеп-интернаттың тәрбиеленушісіyің қайтыс болғаны туралы хабарлады.

Нұр-Сұлтанның дамыту орталығында 10 бала уанып ауруханаға түсті

«17 тамызда Семей қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі қайтыс болды. Өлімге алғашқы себеп церебральды ісіну», - делінген министрлік хабарламасында.

Айтуынша, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін облыс әкімінің орынбасары басқаратын арнайы комиссия құрылған.

Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы, медициналық дәрігерлер, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді.

«Әр баланың қайтыс болуы - бұл қайғылы жағдай. Әр жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу керек. Бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында», - деді әкімдік.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Аягөзде арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын балалар орталығының төрт тәрбиеленушісінің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған мектеп-интернат. Осы орталықтың оннан астам баласы қызылша диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Кейбіреулеріне ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Төрт бала қайтыс болды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Тамыз, 2020 07:49
Талқылау