Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде анасы шашынан бит теремін деп қызын өлтіріп алды

Семейде оқыс жағдай орын алды. Сегіз жастағы қызының шашынан бит термек болған анасы, оған уыттылығы жоғары диазизон сепкен.

fea7bbc6cbae26c734cc1b276b2cb24e

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Диазизон әдетте кенелер мен басқа да жәндіктерді улап өлтіру үшін қолданылады. Күшіне мінген препарат шаштағы жәндіктерді емес, қыздың өзін өлтіріп жіберген.

Әйел препараттағы жазылған анықтаманы да ашып оқымапты. Ол негізі улулығы жағынан II класқа жататын, адамдарға қолдануға болмайтын түрі екен. Тіпті малдың өзіне пайдаланар алдында 1 миллилитр диазизон мен 10 литр суды араластырады. Ал егер ол адам денесіне тисе жедел түрде сүртіп тастау керек.

Қыз бірнеше минуттың ішінде есінен танып қалған. Ал анасы жедел жәрдем шақырудың орынына, туысқандарына хабарласып уақыт ұттырып алады. Ал дәрігерлер келген кезде комаға түскен қыз, ауруханаға кіре берген сәтте клиникалық өлімге тап болған. Жансақтау бөлімінде жасалған шаралар өкінішке орай өз жемісін бермеген. Енді бұл жағдайды құқық қорғау органдары қарастырып жатыр.

“Биттер арылтатын препараттар әрбір аптекада бар. Тіпті ондай майда жәндіктерден әдеттегідей қолмен теріп те арылтуға болады”, – дейді орталық “жедел жәрдем” орталығының меңгерушісі Эльвира Гатауллина.


Жіберіп алмаңыз:

Атырау облысында бүлдіршін өз ауласында тұрған бөшкедегі суға батып мерт болды

Алматыда өлі күйінде табылған әйелді зорлады деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды

Теміртаулық әйел подъезд алдынан нәресте тауып алдым деп жалған айтқан болып шықты

Талқылау