Семей қаласының тұрғыны ForteBank-тен жаңа Toyota Camry көлігін ұтып алды
Семейлік Динара Кәкімова екі жыл бұрын көлік алуды қалаған. Алайда ForteBank-тен алған несиесі көлік соммасына жетпеген екен. Дегенмен біраз уақыттан соң Динара банктің “Мәссаған Camry” байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, жаңа Toyota көлігін ұтып алды.
Шарт бойынша, көлікті ұту үшін Forte-де кем дегенде 100 мың теңге көлемінде несиеңіз болса жеткілікті. Бас жүлде ұтысы әлеуметтік желіде тікелей эфирде тәуелсіз комиссияның қатысуымен өтті. Ал жеңімпаз кездейсоқ сандар арқылы генератордың көмегімен анықталды. Осылайша күні кеше Алматыда ForteBank өкілдері жолы болған жанға жаңа көлігін сыйға тартты.
"Мен мұндай үлкен жүлдені бірінші рет ұтып тұрмын. Шынымды айтсам, менің басымда да кенеттен сәттілік болатынына сенбедім. Маған бейтаныс адам қоңырау шалып, ForteBank байқауының жеңімпазы атанғанымды айтқан сәтте де сенбедім. Тек кейінірек банктің байланыс орталығына өзім хабарласып, әлеуметтік желілердегі ресми Forte аккаунтындағы жарияланымды оқығанда, жеңісіме көзім жетті. Қатты қуандым", - деді Динара Кәкімова.
Айта кетейік, Динара осымен ForteBank-тің Toyota Camry автокөлігінің 35-ші жеңімпазы. Мұнымен бұл соңғы жеңімпаз емес. Forte картасы арқылы 10 000 немесе одан да көп сомаға сатып алу немесе төлемдерді төлеу арқылы сіз де көлік ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Жаңа "Бәйге" акциясының барлық шарттарымен банктің ресми сайтынан сілтеме бойынша танысуға болады.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
