Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде көпірден секіретінін айтқан ер адам темекі мен суши әкелген соң ойынан айнып қалған (видео)

көпірден секірмек болдыФото: Видеодан скрин

Абай облысы Семей қаласында ер адам жаңа көпірдің бағанасына шығып, түсуі үшін полициядан суши мен темекі сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған жағдай 21 тамыз күні кешке болған. Оқиға орнына жедел түрде Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, жедел жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың күштері жеткен. Ер адаммен байланыс орнату үшін бағанаға психолог пен құтқарушы көтерілген.  Сонымен қатар құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Ертіс өзеніне құтқару қайықтарын қойған. Әуе бақылауын жүргізу және жағдайды бағалау үшін дрон да пайдаланылған. 


Қасақана бомбамен жарған: Ресейде тағы бір көпір опырылып, пойыз вагоны құлады


“Биіктігі 180 метр”: Таиландта ер адам отбасын құтқару үшін екі ғимараттың ортасындағы қираған көпірден секірген


Келіссөздерді жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы, құтқарушы Ринат Бабажанов жүргізген. Алайда келіссөз күтпеген арнаға бұрылған. Ер адам құтқарушылардан суши мен темекі сұраған. Мұны құтқарушылар да растады. 

"Абай облысындағы жаңа көпірде 40 жастағы ер адам бағанаға шығып кетті. Бұл жағдай халықтың алаңдаушылығын тудырып, іске құтқарушылар жедел араласты. Келіссөз барысында ер адам шынында да суши сұрады. Байланыс орнату үшін оның өтініші орындалды. Ең бастысы оның өмірі мен денсаулығын сақтап қалдық. Кейін ер адам полиция мен дәрігерлерге тапсырылды", – делінген хабарламада. 

Мәліметке сәйкес, ер адам мас болған. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдай желі қолданушыларын бейжай қалдырмай, қызу талқыға түсті. Бірі жағдайды әзілге айналдырса, енді бірі күлуге болмайтынын айтты. 

“Маған дереу бешбармақ әкеліңдер. Әйтпесе өзіме жауап бере алмаймын”, “Қазір көпірден секіргелі тұрмын. Маған ақ Cadillac пен пәтер беріңдер”, “Бұл адамдардың өмір сүру сапасының көрсеткіші. Ақшасыз қалу, үмітсіздік. Оған күлудің қажеті жоқ. Мүмкін өмірінде қиын жағдайлар болып жатқан шығар”, “Көпірге барып секіремін, теңізге кетемін деген не сұмдық. Осыны құтқарамын деп келіп тұрғандар біреудің жалғыз баласы, біреуі 5 баласы бар әке болуы мүмкін. Олар да отбасын асыраймын деп жүр. Олар сені құтқарып өздері кетіп қалуы мүмкін еді. Суши, темекі деп ойынға айналдырып қолы бос адам екен", – деп жазды олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада көпірден секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 10:45
Талқылау