AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт кезінде адамдарды құтқарып қалған Семей тұрғыны сыйлыққа тоңазытқыш алды

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов өрттен екі адамды құтқарып қалған Дәурен Жамбаевқа құрмет грамотасы мен тоңазытқыш сатып алуға арналған сертификат сыйлады. Дәурен бес баланың әкесі және Назарбаев зияткерлік мектебінде директордың орынбасары болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап. 

ер адам

Өрт Достоевский көшесіндегі кафелердің бірінде түнде басталған. Футбол матчын көріп отырған Дәурен Жамбаев терезеден көрші ғимараттың жанып жатқанын көрген. Өрт сөндірушілерге хабар берген соң ол бірден ғимаратқа барған. Кафенің терезесі мен есігін қағып шыққан Дәурен қызметкерлердің біріне алғашқы көмек көрсетіпті. Кейін терезені кірпішпен ұрып сындырып, екінші адамды далаға алып шыққан.

Бұл кезде Дәурен өз қауіпсіздігін ойламағанын айтады. Өрт сөндірушілер келген соң кафеден төрт газ баллонын алып шыққан. 

"Біздің қаламыз өз батырларын білуі керек. Сіздің әрекетіңіз – батырлық, адамгершілік пен азаматтық позицияның жарқын үлгісі. Қауіпті көргенде, сіз сырт қалмай, өміріңізді қатерге тігіп, екі адамды құтқарып қалдыңыз", - деді қала әкімі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр