Селфидің қызығына кірген студенттер суға батқан достарын байқамай қалды
Бангалордағы ұлттық колледж студенттері 300 жылдық тарихы бар ғибадатхананың қасына серуенге шыққан.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Содан кейін студенттер жақын жердегі өзенге шомылуға барып, бірнеше селфи жасайды. Олардың суретке түсуге беріліп кеткендігі сонша, тіпті суға батып бара жатқан достарын да байқамай қалады.
“Біз өзенге түсіп болып, қайтадан ғибадатхана жаққа бара жатып Вишвастың жоқ екенін де байқамаппыз”, – дейді олар.
Студенттердің бірі суретті қараған кезде барып достарының суға батқанын аңғарады. Бір сағаттан соң өзенге қайта келген кезде, жасөспірім өлі күйде табылады.
17 жастағы студенттің ата-анасы болған оқиғаға ұстаздарды кінәлайды. Өзенге түсуге тыйым салынған. Бірақ, жігіттер оған құлақ аспайды. Оларды мұғалімдері де тоқтатпаған. Оқу орны басшылығы тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жазалаймыз деп жауап қатқан.
Оқи отырыңыз:
Қырғызстанда үш ер адам әйелді бір апта бойы зорлап, шашын тықырлап алып тастаған
Ресейде 30-ға жуық адамды жеп қойған ерлі-зайыпты ұсталды (видео)
Әбу-Дабиден Амстердамға ұшып келе жатқан пилот жолда көз жұмды
Атышулы Playboy журналының негізін қалаған азамат өмірден озды

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
