Қызын сексуалды құлдыққа сатып жібергенін білген: Ер азамат 19 жастағы жігітті өлтіріп, денесін көлікте қалдырып кеткен
Вашингтон штатының бірінде ер адам қызының жігітін өлтірді деп айыпталуда. Марқұмның кәмелетке толмаған бойжеткенді сексуалды құлдыққа сатып жібергені анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп.
60 жастағы Джон Эйзенман бірінші деңгейдегі қылмыс үшін айыпталды. Қазіргі уақытта Вашингтондағы Спокан округінің түрмесіне қамалды.
Детективтер анықтағандай, күдікті 19 жастағы жігітті пышақтап, көліктің артына денесін жасырған.
Эйзенман өзінің кәмелетке толмаған қызы Сиэтлге сексуалды эксплуатацияға 1000 долларға сатылғанын білген. Марқұм Аарон Соренсонның бұзылған мәйіті өткен айда Спокандағы Шығыс Эверетт даңғылындағы қараусыз қалған көліктен табылды.
Полиция мәліметінше, 2020 жылдың қазанында Эйзенман қызының саудасына жігітінің қатысы бар екенін анықтаған. Ер адам қызын құтқарып, үйіне қайтарған.
Кейінірек ол жас жігітті аңдып, ұрлап әкетіп, байлап, көліктің жүк бөлігіне салған. Ол жігітті бірнеше рет басынан ұрып өлтірген. Содан соң мәйіт салынған көлікті Спокан маңында қалдырып кеткен.
Көлік ауылды аймақта биылғы қазан айына дейін тұрған. Содан соң біреу оны Ист-Эверетт-авенюға апарып тастаған. Ресми өкілдер көліктің артында мәйіт болғанын ол адам білмегенін айтады. Мәйіт көлікті тексере бастағанда табылған. Көлікті тапқан Эмбер Хеллман мен оның жігіті көліктің сол жерде біраз уақыт тұрғанын айтқан.
Полиция Эйзенманның осыған дейін зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс жасамағанын анықтаған.