"Секірмек болды": Нұр-Сұлтанда тағы бір тұрғын көпірдің үстіне шығып алды (видео)
Елордада әйел көпірдің үстіне шығып алған. Оқиғаның видеосы желіде тарады. Жазба авторының сөзінше, көпірден секірмек болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазба авторының сөзінше, оқиға 18 қыркүйекте Министрлер үйінің маңында орын алған.
«Кеше кешке Министрлер үйінің маңынан өтіп баар жаттық. Жая жүргіншілерге арналған көпірге шығып алған әйел секірмек болды», - делінеді жазбада.
Елордалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Алайда әйелдің неліктен мұндай әрекетке барғанын ашып айтпады.
«Кеше қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үйіне жіберілді», - дейді полиция департаментіндегілер.
Еске сала кетсек, бұған дейін елордада ер адам Есіл өзенінің үстіндегі көпірге шығып алған еді. Артынша оның мұндай әрекетінің себебі белгілі болды. Ер адамның 6 несиесі, 2 баласы бар екен.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"