Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық егіздер қазақ ырымдарының көмегімен келіншекті бедеуліктен емдегенін айтып отыр

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 70 жасқа таяп қалған егіздер ауызға түкіріп дем салумен айналысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана ТВ" сайтына сілтеме жасап.

Өздері ырымшыл болып келетін Батабай мен Балғабай Ырбайымбековтерді көп адамдар баласының тұсауын кесуге, одан қалса аузына түкіртуге жиі шақырады екен. Егіздердің айтуынша, әсіресе егіздің сыңары Балтабай қасиетке ие көрінеді. 

«Қазақ халқы бұрыннан ырымға сеніп келген. Бір күні Қарағандыдан жас жігіт келіп, «ата сіздер егіссіздер ғой менің әйелімнің аузына түкіріп қойыңыздаршы» деді. Біз өзі қарсы болмаса түкірейік деп, түкіріп бердік. Сегіз айдан кейін әлгі жігіт қоңырау шалып, келіншегім егіз босанды деп айтты», - деді Балтабай Ырбайымбеков. 

Десек те, қарт бұл кездейсоқ жағдай болуы мүмкін деп отыр. Қария, ең бастысы, адамның өзі ниет етіп, мақсаттанса, өзі ойлағанының бәрі орындалады деген сенімде.
«Бұрын біздің кезімізде егіздер өте сирек еді. Кейін ғана Нығматулиндер Ерлан мен Нұрлан елге танылды. Одан кейін біркіндікті егіздер көбейіп кетті. Қазір, тіпті, үшем, төртемдер де көбейді ғой», - деді егіздердің екінші сыңары Балғабай Ырбайымбеков.

Ал дәрігер мамандар бұндай салт-жораны қолдамайтынын жеткізді. Айтуларынша, басқа адамның түкіру гигиеналық тұрғыдан, денсаулық тұрғысынан да ақылға сыймайтын жағдай. Оның үстіне аузына түкіргеннен соң егіз босанды деген жай кездейсоқ жағдай екеніне сенімді. 


Тағы оқыңыз: Бедеуліктен қалай арылуға болады?

Талқылау