AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сбер Банк жеке тұлғалардан көлік сатып алуға арналған онлайн несиелеу қызметін іске қосты

Қазақстандағы ірі банктердің бірі, дилерлік орталықтарда автонесиелеу нарығындағы көшбасшы қолданылған көліктерді сатып алуға арналған онлайн несиелеу қызметін іске қосты. 3 ақпаннан бастап жеке тұлғадан көлікті несиеге сатып алуға болатын шешімді үйден шықпай-ақ алуға болады.  

сбер

Егер бұрын несиені тек автосалондарда ғана рәсімдесек, енді Сбердің клиенттері автоны кез келген жерде таңдап, оны жеке тұлғадан сатып ала алады.

"Басты мақсатымыз – клиент үшін көлік сатып алу жолдарын жеңілдету. Онлайнға көшу аталған мәселе бойынша үздік шешім деп білеміз. Басты артықшылығы – сұраған сомаңызға қатысты қабылданған шешімді алып қана қоймай, Банк мақұлдайтын ең көп соманы да білуге болады", деді Сбер Банктің Басқарушы директоры Магомед Гулаев.

Негізгі артықшылықтары:

− тиімді пайыздық мөлшерлеме;

− комиссиялар және өзге төлемдер жоқ;

− төлем жасайтын күнді таңдау мүмкіндігі;

− айыппұл санкцияларынсыз ішінара және мерзімінен бұрын өтеу.

Қарыз беру шарттары:

− несие сомасы 20 000 000 теңгеге дейін;

− несие мерзімі 7 жылға дейін;

− авто Банк қаражатының есебінен сақтандырылады;

− автоны пайдалану мерзімі 20 жылға дейін.

Өтінім беру:

Жеке тұлғадан көлік сатып алуға автонесиені жылдам әрі тиімді рәсімдеу үшін Sber KZ мобильді қосымшасында тіркелсеңіз жеткілікті, "Сервистер" бөліміне кіріп, "Автонесие" батырмасын басу қажет.

Естеріңізге салсақ, Сбер Банк негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша екінші деңгейдегі банктердің арасында үздік үштікке кіреді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр