Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сазгер: Заттыбек Көпбосынұлы уәдесін орындамай, телефон тұтқасын да көтермей қашып жүр

Заттыбек Көпбосынұлына еліміздегі сазгердің бірі іздеу салды. Ондағы мақсаты – тойға шақыру емес, қарызын өндіріп алу.

Бірнеше жыл бұрын «Ақмаржан» әнімен танылған әнші Заттыбек Көпбосынұлы да даулы оқиғаның кейіпкеріне айналды. Әншіге базынасын айтқан сазгер табылды, деп хабарлайды HIT TV.

«Осыдан бір-екі жыл бұрын мен «Аңсарым» деген  ән шығарғам. Сол әнді Заттыбек Көпбосынұлына бердім. Бұл әнім оңтүстік жақта той-томалақта орндалып жүр. Әнді Заттыбек ағамыз сұрап алған. Тегін бердім. Есесіне менімен дуэт құрып, концертке шығаруға уәде берген еді. Бірақ сөзінде тұрмады. Телефон тұтқасын көтермеді, сұрағыма да жауап берген жоқ. Ең құрығанда шайға шақырса, соған да риза болар едім», – дейді Ержан Тұрсын.

Амалы таусылған композитор шағымын көгілдір экран арқылы жеткізуге мәжбүр болған. Ержан Тұрсынның қаламақысы 500 доллар.

Сазгерді құрғақ уәдемен тойдырған Заттыбек мырза араға біраз уақыт салып одан тағы бір ән сұраған. Бұл жолы аузы күйген Ержан Тұрсын әнін тегін бермейтінін айтады. Алайда Заттыбек Көпбосынұлы әнді ешқашан сатып алмағанын алға тартып, сазгерлер әнін өздері сыйға тартатынын жеткізген.

Бір терінің пұшпағын илеп жүрген өнер иелерінің арасындағы реніштің шешімі уақыт еншісінде.

Тағы да оқыңыз:

Бас қосқанына жарты ғасыр болған Димаштың ата-әжесі алтын тойын жасамақ (фото)

Әнші Бүркіт: Бала кездегі күнтізбем – қора тазалау, аула сыпыру еді

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

Талқылау