Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайттан пойыз билетін сатып алу мүмкін емес: ҚТЖ не істеу керегін түсіндірді

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметіндегілер сайт арқылы билет ала алмай жүргенін айтып шағымданғандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теміржол

Сурет: Қарлыға Бүйенбай

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желі қолданушылары ҚТЖ сайты арқылы билет ала алмай жатқанын айтып шағымданған-ды. 

«Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан тәуліктің кез келген уақытында сатып алуға болады», - деп көрсетеді ҚТЖ. 

Сондай-ақ, 1 тамыздан бастап аталған сайт арқылы бұрын сатып алған билеттерді 45 күн ішінде басып шығарып немесе қайтарып беруге болады. Бұдан өзге аталған сайттың артықшылығы – жолаушылардың «Күту парағында» өтінім қалдыра алатыны. 

«Ұлттық тасымалдаушы бір-бірін көшіретін epay.railways.kz  және bilet.railways.k билет сататын сайттардан тек біреуінің қалатынын хабарлайды. Еpay.railways.kz сайты 2019 жылдың 25 қыркүйегінде жабылады. Сайттарды ауыстыру мақсатында 2019 жылдың 1 тамызынан бастап ол жұмыс істеп тұрған жоқ», - делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда «Күту парағы» арқылы 20 000 қазақстандық билет сатып алды. Аталған механизм билеттер сатылымда жоқ кезде оларды иеленуге мүмкіндік береді. «Күту парағына» пойыз жүрерден 7 күн бұрын жазылу қажет. Бұл ереже қызмет түрін шектен тыс қолданып кетпеу үшін жасалып отыр», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Talgo жолсеріктерінің бір күні туралы материал әзірлеген едік. 

Талқылау