Сайран Нұрданбек UFC-де алғаш рет жеңіліске ұшырады
Қазақстандық файтер Сайран Нұрданбек (19-6) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Apex аренасында өтетін UFC Fight Night 188 аралас жекпе-жек турниріне қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның қарсыласы австралиялық Джошуа Кулибао болды (8-1-1).
Нұрданбек үшін бұл UFC-дегі алғашқы жекпе-жек болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Кулибао төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен 29-28, 29-28, 29-28 есебінде жеңіске жетті.
Осылайша Джошуа Кулибао мансабындағы тоғызыншы жекпе-жекте жеңіске жетті. Ал Сайран Нұрданбек үшін бұл жеңіліс кәсіби ММА-да жетінші және UFC-де бірінші жеңілісі болды.
Дамир Исмагулов Қазақстанға құрметсіздік көрсеткен бразилиялық қарсыласын жазалады
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"