AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сайлауды керек қылмайтын адамдар қатары көбейді": Президент жаңа сайлау жүйесіне көшуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында саяси жаңғырудың мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру қажеттігін айтты. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы жүзеге асыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Біз 15 жыл бұрын Конституциялық реформа аясында мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік. 2018 жылдан бастап мәслихан депутаттарын да осы әдіспен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. 

Алайда оның жағымсыз тұстары байқалды. партияда жоқ азаматтар мәжілісте ғана емес жергілікті органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз керек”, – деді ол.

Ол өз сөзінде осының салдарынан халықтың сайлау науқанына деген сенімі азайғанын айтты.

“Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің даусы маңызды екенін, ел өмірінің жақсаруына ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді”, – деді ол. 

Президент барлық азаматтардың құқықтарын толық ескеретін үйлесімді-аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды.

“Мәжілістің 70% -ы пропорционалды негізде, 30%-ы мажоритарлық негізде сайланатын болады”, – деді Тоқаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр