Қазақстандықтардың 5,5 миллионнан астамы дауыс берген жоқ
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына азаматтардың келуі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ОСК мәліметтері бойынша, сағат 20:10-да дауыс берушілер саны 6 509 695-ке жетті, келгендер саны әзірге 54,09 пайызды құрады.
Дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны – 12 035 004 адам.
Астанада келушілер саны - 42,91 пайызды, Алматыда - 25,82 пайызды, Шымкентте - 45,46 пайызды құрады.
1. Абай облысы бойынша – 57,02%
2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%
4. Алматы облысы бойынша – 60,03%
5. Атырау облысы бойынша – 50,22%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
10. Қостанай облысы бойынша – 65,1%
11. Қызылорда облысы бойынша – 66,46%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,08%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
18. Астана қаласы бойынша – 42,91%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%
20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%
Бұған дейін сағат 18:10 - да дауыс берушілер саны 6 390 046-ға жеткен, алдын ала келгендер 53,11 пайызды құрағаны хабарланған болатын.