"Сайлау кампаниясы оңайға соқпады": Әміржан Қосанов ауруханаға түсіп қалды

Қазақстан президенттігіне үміткер болған Әміржан Қосанов сайлаудан кейін ауруханаға түсіп қалған. Ол сайлау кампаниясының оңайға соқпағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сайлау барысында күні-түні ұйқысыз жүрдім. Шаршағаным бар. Жүрек пен жүйкеге біраз салмақ түссе керек. Кеше ауруханаға түсіп қалдым», - деп жазды Қосанов Facebook желісінде.

Өз жазбасында Қосанов сайлаудан кейін өзінің тарапына айтылып жатқан сындар мен пікірлерді ескеретінін айтты. Бұл шынайы демократия, сөз бен пікір бостандығының бұлжымас шарты, дейді ол.

«Осы күндері қалыптасқан ахуалды бағалап, таяу арада болашақ қимыл-әрекеттеріміздің нобайын әріптестермен бірге талқылап, анықтаймыз.
Артында мықты партия жоқ тәуелсіз кандидаттың қоғам қолдауына ие болуы осы сайлау науқанның өзіндің бір ерекшелігі болды деп санаймын», - дейді Қосанов. 

Саясаткер алдағы уақытта өз ұстанымдарынан бас тартпайынын айтты. 

«Мен осы күнге дейін жария етіп келе жатқан ешбір бағдарламалық мәлімдемелерім мен принциптерімнен бас тартпаймын! Демократиялық құндылықтарды қорғау мен қоғам мен билік арасындағы диалогты орнату жолында қызметімді жалғастыра беремін!

Төңкеріссіз, бүліксіз өзгерістерді қалайтын ағайын менің осы бағыттағы жұмысымды қолдайтынына мен сенімдімін. Және де біз, біріге отырып, қоғамды да, билікті де өзгерте аламыз деп ойлаймын!» - дейді ол. 

Сондай-ақ, Әміржан Қосанов сайлауда жеңіске жете алмағаны үшін адамдарды заңсыз митингіге шақыра алмайтынын атап өтті. Бұл менің азаматтық таңдауым, дейді.

«Сондықтан да, алдын-ала айтқанымдай, мен «президент бола алмадым» деп, азаматтарды заңсыз акцияларға шақыра алмаймын! Әрине, радикалды ағайын мені осы позициям үшін сынап жатар, бірақ менің азаматтық таңдауым осындай!» - деп жазды саясаткер. 

Өз кезегінде ол өзіне дауыс бергедерге, штаб өкілдері, насихатшылар мен бақылаушыларға алғыс білдірді.

«Мені қолдаған барша сайлаушыға шын жүректен алғысымды айтамын! Осы күндері шаршамай-шалдықпай, бір тиын қаржылай көмексіз азаматтық парызын адал атқарған штаб өкілдері мен барлық ерікті – насихатшылар мен бақылаушыларға алғысым шексіз! Мен сіздерге өмір бойына қарыздар болып өтемін! Мен емес, дәл сіздер қоғамды ояттыңыздар!» - дейді Әміржан Қосанов. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...