Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саят Медеуов: Жалпы Алтынбек ағамызға Төреғали керек емес

Алғашқыда афиша ілініп, жарнамасы жария болғанда Төреғалидің Қоразбаевқа қиянат жасағанын халық әртісінің өзі жұртқа хабарлаған еді. Санаулы күндер қалғанда Ұлы дала баласы жоспардағы 70 жылдық ән кешіне қатыспайтынын айтып, сазгерді тығырыққа тіреген-ді! Бүгінде егде жастағы өнер иесін алдап кеткен атышулы әншіге қазақ өнеріндегі аға буынның өкпесі қара қазандай. Композитордың мерейтойлық шоуына Stan.kz тілшісі де қатысып, аталмыш даулы оқиғаға қатысты әншілердің пікірін біліп көрген болатын.

«Сөздің шыны керек Төреғалидің істегені дұрыс болмады енді. Алтынбек ағамыздың өкпесі орынды деп ойлаймын. Өйткені концертке қатысамын деп алып, соңында осындай тірлікке барғаны дұрыс емес. Қатысуы керек еді. Ол Алтекең үшін емес… Жалпы Алтекеңе Төреғали керек емес. Төреғалиге Алтынбек Қоразбаев керек еді. Ол соны білуі керек еді. Ол сол жерден кішкене қателік жіберіп қойды. Мүмкін бір себептері бар шығар. Біз оны білмейміз. Бірақ қандай себептері болса да, барлығын тастап осы кешке келуі керек еді», – дейді Саят Медеуов.

Ал, Жұбаныш Жексенұлы Төреғалидің дәл осындай түрлі әрекеттерге баруына, қазіргі таңдағы танымалдылығы кері әсерін тигізіп отыр деп топшылайды.

«Төреғали дәл қазір сол бір «жұлдыз ауруына» шалдыққан болуы керек. Бірақ маған Төреғали ақымақ бала емес сияқты көрінеді. Бірақ енді бәрін қойғанда Алтынбек Қоразбаевтың жасын сыйлап, қатысуға болады. Қандай жұмыс шығып тұрса да келуі керек еді деп ойлаймын. Өйткені дәл осы концертте қазақы әннің, қазақ әншілерінің нағыз майталмандары жүр деп айтуға болады», – дейді Жұбаныш Жексенұлы

Бұл оқиғадан кейін Қоразбаевтың шәкірттері де бей-жай қалмады. Ұстазының көңіліне кірбің салған Төреәлініңұлына Тоқтар Серіковтің айтары бар…

«Бұл концертке қатысу керек еді. Ол кейін өзі мақтанатын еді. Бұл Төреғали үшін үлкен концерттің орыны еді. Мақтанып тұрып айтатын еді. Жасыратыны жоқ 70 жастағы кісі ғой. Бұдан кейін бұл кісі қайтып 50-ге келмейді, қайтып 40-қа бармайды ғой. Алдыға қарай жүрмесе, артқа қарай жас жасамайды. Сондықтан бұл кісінің әр сағаты, әр минуты бізге құнды. Менің көкем өнердің керемет өкілі. Бұл кісіні сыйлау керек, құрметтеу керек», – дейді Тоқтар Серіков.

Десек те, Қоразбаевтың кеші көпшіліктің көңілінен шықты. 70 жылдық мерейтойын ел алдында атап өткен халық әртісі, Төреғалимен арадағы қарым-қатынасына нүкте қойған сыңайлы.

«Кешім өзіме ұнады. Бәрі жақсы өтті. Сахнада да айтып кеттім, енді Алла қаласа 75-те жолығайық, 80 жасымда қауышайық деп. Ол мен үшін емес, елім үшін, халқым үшін. Азда болса жазған әндерім еліме рухани қолдау берсе, мен осыны шын жүрегіммен қалаймын. Еліме бергенім бар шығар. 70 жасқа келгенде мақтануға болатын шығар. Ал, Төреғалиге айтарым, қайтеміз енді аман болсын. Оған менің ешқандай өкпем жоқ. Солай деп те айтайын. Менің кештерім Төреғалисіз де жалғаса береді», – дейді Алтынбек Қоразбаев.

Оқи отырыңыз:

Ерлан Біләл түрмеден 90 миллион теңге айыппұл төлеп құтылуы мүмкін

Қуыршақ сияқты: Образын өзгерткен Жәния Джуринская сынға ілікті (фото)

Сәкен Майғазиевтың келіншегі төртінші перзентіне жүкті болып шықты (видео)

Нұржан Керменбаев атышулы Байзақоваға түсіністікпен қарауға шақырды

Талқылау