Саясаттанушы блогерге: Жатыпатар болмай пікіріңізді ашық айтыңыз, анда-мында сандалмай
Бүгін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуын бақылау жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысында блогер Ғалым Байтұқ пен саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов екеуінің арасында түсініспеушілік болып қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Топ жетекшісі Нұрлан Ерімбетов биылғы жылдың жоспарын бекітуді ұсынып, талқылаулардан кейін:«Құрметті әріптестер, сіздерден жоспарға қатысты қысқа әрі нақты пікір айтуыңызды сұраймын. Өйткені мен білемін, әлеуметтік желілерде күні-түні отыратындар бар. Олар анау «тук-тук-тук»-тарды аралап, өсек-аяң таратып жүреді», – деді.
Дәл осы уақытта Қазақстан блогерлері альянсының жетекшісі Ғалым Байтұқ оның сөзін бөліп: «Нұрлан Кенжебекұлы, сіз ондайыңызды қойыңыз», – деді.
Алайда Ерімбетов: «Сондықтан жатыпатар болмай, пікірді ашық айтуға мүмкіндік беріліп тұрғанда айтып қалыңыз. Анда-мында сандалмай… Адамдардың тағы бір тобы бар. «Жемқорлыққа жол жоқ!» деген ұрандармен стадиондарды жағалап жүреді. Осы жағынан бізде дәл қазір елдегі жағдайға ықпал етуге мүмкіндік бар. Сондықтан өз пікіріңізді айтыңыз, ұсыныс қосыңыз», – деп түйіндеді.
Сосын Байтұқ Ерімбетовті әдепті ұстауға шақырды. Оған блогерлердің жетекшісі: «Жоқ, сіз өзіңіз әдеп сақтауыңыз қажет. Жаңағы сөзіңізбен блогерлердің тілін тартпақсыз ба? Біз де көп нәрсені істеп жатырмыз. Келесі жолы олай айтпаңыз», – деді.
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуын бақылау жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтті.
Жіберіп алмаңыз:
Айсұлтан Назарбаев Жақсыбеков пен Тасмағамбетовке қарсы шықты
Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тиесілі билікті бөліп беруге кірісті
Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды