Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаттанушы: Алматы мен Нұр-Сұлтандағы сайлаушылардың аз келуі әкімдерді "оятуы" керек

Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Нұр-Сұлтан, Алматы және батыс өңірлерде сайлаушылардың аз келуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы парламенттік сайлауда сайлаушылардың келуі 63,3%-ды құрады. Саясаттанушы бұл алдыңғы бірнеше сайлауға қарағанда аз екенін айтады. Соңғы рет мұндай сандар 1999 жылы тіркелген.

Биылғы сайлауда ең жоғары белсенділік Солтүстік және орталық өңірлер,  Алматы және Қызылорда облыстарында байқалған. Ал еліміздің басты қалалары Алматы мен Нұр-Сұлтан және Батыс өңірлерінің тұрғындары дауыс беруге қызығушылық танытпаған.

"Астаналар мен батыстағы келушілердің төмен болуының себебі неде? Менің ойымша, бұл әңгіме бойкот жариялауда емес, сайлаушылардың бір бөлігі карантиндік шаралар мен экономикалық проблемалар аясында немқұрайдылық танытты, сондай-ақ партиялар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарымен бәрін "тарта алмады". Мегаполистердегі жағдай өте күрделі. Ұзақ уақыттан бері қала билігінің жұмысына ешкім оң көзқарас танытпай жатыр, ал халықтың аз келуі әкімдерді әкімдер үшін маңызды "қоңырау" болуы керек (тағы да нәтижелерді көрейік)", - деп жазды  Facebook-те Данияр Әшімбаев.

Оның сөзіне қарағанда, екінші жағынан процесс тиісті деңгейде ұйымдастырылған. 

"Заңсыз үгіт-насихат бойынша жанжалдар болған жоқ. Наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша бірнеше ондаған адам жиналды, олардың неге шағымданғаны түсініксіз болды. Егер баламаның болмауына қарсы болса,  онда өз партиясын құруға және сайлауға баруға кім кедергі жасады? 

Бұл, әрине, тәуелсіз бақылаушыларды алып тастаған және қоғамдық тәртіпті қорғауға шамадан тыс құлшыныс танытқан Алматы билігін ақтамайды. Бірақ олардан ешкім ерекше жұмсақ және сауатты жұмыс күткен жоқ", - деді саясаттанушы.

Данияр Әшімбаев сайлау кезінде ешқандай арандатушылық тіркелмегінін атап өтті.

Саясаттанушы жарияланатын сайлау нәтижелері өте қызықты болуы мүмкін деген пікір білдірді. 

Еске салайық, 10 қаңтарда Қазақстанда ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Еxit poll нәтижелері бойынша  сайлауда "Nur Otan" партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

"Респонденттердің 5,75 пайызы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 71,97 пайызы "Nur Otan" партиясына, 3,07 пайызы "ADAL" саяси партиясына, 10,18 пайызы Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясына, 9,03 пайызы "Қазақстанның Халық партиясына" дауыс берген", - деді "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр