"Саяхаттауға ақшаңызды аямаңыз". Әсел Сәдуақасова саяхаттаудың қаншалықты маңызды екенін айтты
Өнерден алыстап, Балиге қоныс аударған Әсел Сәдуақасова саяхаттауды ұнататынын айтып, оның адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/asselsadvakassova
“Саяхаттау дегеніміз демалу, көңіл көтеру. Саяхат – мені дамытады. Әлемді аралап жүріп мен оның қаншалықты алуан түрлі екенін көзіммен көрдім. Тарих, мәдениет, менталитет, тіл, салт-дәстүр, адамдар, климат, табиғаи, айта берсең көп. Әр саяхатымнан жаңа әсер аламын, көзқарасым өзгереді. Осылайша, қорқыныштарым да азайып, уайымым басылады. Армандап, жоспарың мен мақсатыңды айқындай бастайсың. Саяхаттауға ақшаңызды аямаңыз”, – деп кеңес берді Әсел Сәдуақасова.
Сондай-ақ ол былтыр 11 елді аралап, 2022 жылдың саяхатқа толы жыл болғанын айтты.
Индонезия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Италия, Франция, Түркия, Иордания, Германия, Қазақстан, Америка, Грекия… Бұл елдерді аралаймын деп жоспарламаған едім. Бірақ сәті түсіп тұр екен”, – деп жазды ол.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
