Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саяхатшы-стоматолог": Ақтаудағы ұшақ апатында бортта болған қазақстандық ару туралы ақпарат пайда болды

БАҚ-та Ақтаудағы ұшақ апатында жолаушылар қатарында болған кейбір азаматтар туралы ақпарат пайда болды. Олардың кейбірі аман қалғандардың тізімінде жоқ. Арасында қазақстандық стоматолог Салима Жұтаева болғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Салима Жұтаеваның Іnstagram парақшасынан

25 желтоқсан күні таңертең Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines бортындағы 69 адамның кейбіріне қатысты ақпарат тарап жатыр.

Жолаушылар тізімінде қазақстандық стоматолог Салима Жұтаева бар. Ол өзінің Instagram-дағы аккаунтында Қостанай мен Грозныйда тұратынын көрсеткен. Парақшасына "стоматолог-саяхатшы" екенін жазған.

Жолаушылар қатарында Бішкектегі бес жұлдызды “Ambassador” қонақүйі мен “Тimes” барында жұмыс істеген Қырғызстандағы танымал ресторатор және аспаз Эрлан Жүнісәлиев болған. Ол әлеуметтік желілерде рецептері бар аспаздық видеоларын жиі бөліскен. Қазір ауруханаға жатқызылғандар тізімінде оның аты жоқ.

Telegram арналардың ақпаратына сәйкес, жолаушылар арасында 2011 жылы туған кәмелетке толмаған Мұхаммед Әли Еганов бар. Ол – Ресейге жеміс-жидек жеткізетін және логистикаға маманданған ірі әзірбайжандық кәсіпкер Фарид Егановтың ұлы. Баланың аты да аман қалып, ауруханаға жатқызылғандар арасында жоқ.

Ресейлік Telegram-Shot арнасының хабарлауынша, "Орал әуе жолдарының" 28 жастағы бортсерігі Рамин Агаев та осы рейспен ұшқан. Ол Грозныйға ауысып, Мәскеуге корпоративтік рейспен ұшпақ болған. Қазір Рамин байланысқа шықпайды және ауруханаға жатқызылғандардың арасынан табылмады.

Сондай-ақ бортта Грозный мен Австрияда жұмыс тәжірибесі бар 45 жастағы косметолог Заира Атсаева болды. Ресейлік БАҚ- тың хабарлауынша, оның бағыты Түркиядан Шешенстанға дейін болған. Қазір Ақтау ауруханасының пациенттер тізімінде Заир да жоқ.

Жолаушылар арасында Ресейлік 34 жастағы турагент Кристина Евстигнеева да бар. Shot Telegram арнасы оның алдыңғы түні Бакуде жұмыс істегенін айтады. Ол да ауруханадағылардың тізімінен көрінбейді. 

Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақтың құлағаны туралы хабарлаған едік. Ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат орнында аман қалған 27 науқастың 11-і ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің мәліметінше, сонымен қатар 11 және 16 жастағы екі бала да ауруханаға түсті. Қазір оларды отаға дайындап жатыр. 

Апаттың алдын ала себебі оның құстарға соғылуынан екені айтылды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың тізімінде қазақстандықтар жоқ. 

Талқылау