Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сая Оразғалиева: Сүйіктім Құдайдан Тәуекел екеумізді сүйісіп қоймаса екен деп тілеп жүр

«Сымбатты, талантты әрі жас актермен киноға түсу мен үшін мәртебе» дейді Сая Оразғалиева. Бірақ, сүйіктісі қызғанатын көрінеді. Өйткені, осыған дейін төрт бірдей туындыда тек қана Тәуекел Мүсілімнің «ғашығын» сомдаған жас ана.

саятауекел

Бұл туралы актрисаның өзі Stan.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Шыны керек, сүйіктім мені тек қана Тәуекелден  қызғанады. Әсіресе ол Құдайдан екеумізді  тек сүйісіп қоймаса екен деп тілейді»,- дейді актриса.

Ал,  Жанар Дұғалованың клипін түсірерде әншімен сүйісіп қойған Тәуекел Саямен жақын дос екенін айтып жатыр. Тіпті, актрисаның жігітінің қызғанышын түсінбей отыр.

«Иә, көбі енді арамызда бір қарым-қатынас бар деп ойлайды. Бірақ, мен нақты айта аламын. Біз тек доспыз. Көптеген киноға бірге түскен соң арамыз жақындасты дос ретінде. Ал енді неге сүйіктісі Саяны меннен қызғанатынын түсінбеймін»,- дейі Мүсілім.

Соңғы «Все из за мужиков» фильмінде қызқұмардың рөлін сомдаған Тәуекел шынайы өмірде махаббатқа тұрақтымын дейді. Ал, жас қыздардың жүрегін жаулағыш жігітке Сая: «Өздеріңіз көріп жүрсіздер. Ол барлық жерде;  Кино, жарнама, бейнебаян! Өте жақсы жігіт. Жақсы қызға лайық жігіт. Жақсы қыз жолығады деген үміттемін» деп тілегін білдірді.

Оқи отырыңыз:

Димаш 45 мемлекетте таралатын журналдың мұқабасына шықты (фото)

Шымкентте Асанәлі Әшімовке ақ боз ат сыйлады

Димаш «Дайдидауды» орындап болған соң еңкілдеп жылаған

“Адай” күйі мен “Дайдидауды” орындаған Димаш тағы да қытайларды тәнті етті (видео)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау