Сая Оразғалиева: Маған жамандық жасаған адамдармен енді араласқым келмейді
Сая Оразғалиева желідегі парақшасы арқылы іштегі ренішін жеткізді. Жазбадан бұл ренішінің нақты кімдерге бағытталғанын анықтау мүмкін емес. Десе де, оның жақын адамдарынан көңілі қалғанын аңғаруға болады.
Сурет: Сая Оразғалиеваның жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Маған жағымсыз әсер сыйлайтын адамдармен араласуға шамам қалмады. Мен ешкімге ешнәрсе дәлелдегім келмейді. Ешкімді кінәламаймын да. Жоқ, мен өзімшіл болып кеткен жоқпын. Бар болғаны менің сыйластығым мен махаббатымды қадірлейтін жандарды бағалауды үйрендім. Уәденің түкке тұрмайтынын түсіндім. Сол себепті, адамдардың іс-әрекетін бақылау керек екен. Кей нәрсені ұмыта алмасам да, кешірім бере алатынымды түсіндім. Кей жағдайда бас тартып, өкпе-реніштен арылу керек екен. Маған еш қадірі қалмаған адамдармен ғана ренжіспейтінімді түсіндім. Мен нар тәуекелге барған адамдар бұл әрекетіме лайық болмағандарын түсіндім. Әркімнің өз шындығы бар. Сол себепті, бірнәрсені дәлелдеу де бекер. Бұдан былай маған бір кездері жамандық жасаған адамдармен араласқым келмейді. Оларға бақыт тіледім. Бірақ, менен аулақ жүрсін”, – дейді Сая Оразғалиева.
Желі қолданушылары актрисадан мұндай жазба күтпегендерін айтып жатыр. “Мұндай нәзік қызды кім ренжітуі мүмкін екен. Сенде барлығы жақсы болады”, “Өте дұрыс айттыңыз. Өкінішке орай, мұндай жағдай барлығының басында бар”, “Мен сізді шексіз жақсы көремін”, “Не деген керемет сөздер. Шыдамды болыңыз” деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
1 жасқа дейін қызымызды көрсетпейміз: Арман мен Аша неліктен мұндай қадамға барды?
Анасын шетелге қыдыртқан Тәуекел елдің батасын алды (фото)
Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті
Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)