"Саусағынан айырылып қала жаздады": IT қызметкері Samsung смарт сақинасының кесірінен ауруханаға түсті
Фото: X.com Daniel
Ұлыбританияда Samsung Galaxy Ring смарт сақинасының кесірінен ер адам ауруханаға жатқызылып, соңында рейстің уақыты ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Британдық бағдарламашы Дэниел X әлеуметтік желіде өзінің Samsung Galaxy Ring сақинасы саяхат кезінде ісініп кеткенін айтты.
"Батарея ісініп кетті, мен сақинаны шеше алмадым, саусағым қатты ауырды. Бұл дәл ұшаққа отырайын деп жатқанда болды", – деп жазды ол.
Салдарынан оның рейсін тоқтатып, қонақүй бөлмесін төлеуге және медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Дәрігерлер ауруханада сақинаны алып тастап, құрылғының ішіндегі батареяның қатты деформацияланғанын растады.
"Мені ауруханаға шұғыл түрде жіберді. Олар сақинаны алып тастады. Батареяның толығымен ісінгенін көруге болады", – деді Дэниел.
Жәбірленушінің айтуынша, бұған Гавайидегі жоғары температура мен ылғалдылық, тұзды судың әсері, бірнеше ретті рейстер немесе батарея ақауы әсер етуі мүмкін.
Оқиғадан кейін бағдарламашы енді ешқашан Galaxy Ring-ті кимейтінін мәлімдеді.
Қаупі қандай:
- Ұзақ уақытқа созылған қысым саусаққа қан ағымын тоқтатуы мүмкін, бұл төтенше жағдайларда некрозға әкелуі мүмкін.
- Зақымдалған литий-ионды батарея улы заттарды шығаруы немесе өрт шығуы мүмкін.
Психологтар мен дәрігерлер мыналарды ұсынады:
- Саусақтан шешілмей қалған құрылғыны күштеп алып тастауға әрекеттенбеңіз. Ол теріні және қан тамырларын зақымдауы мүмкін;
- Ісінуді азайту және сақинаны алып тастау үшін қолыңызды суық суға батырыңыз немесе мұз жағыңыз;
- Құрылғыны алу қиын болса және ауырсынуды тудырса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз;
- Сумен (әсіресе теңіз суымен) жанасудан аулақ болыңыз және оны қатты ыстықта кимеңіз;
Samsung Galaxy Ring – пайдаланушының ұйқысын, жүрек соғу жиілігін, белсенділік деңгейін және тері температурасын үздіксіз бақылайтын шағын денсаулық трекері.
Samsung әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Дегенмен сарапшылар компания қосымша тергеу жүргізуі мүмкін деп санайды, өйткені мұндай оқиғалар жаңа өнім желісіне сенімге нұқсан келтіреді.

2026 жылы жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бизнеске не болады?
