Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Әбединова төсін жалаңаштаған қызға: Аяз атаның, Санта-Клаустың бас киімін киіп шық

Тележүргізуші Сәуле Әбединова төсін жалаңаштаған Шырын Нарчаеваға қатысты пікір білдірді. Бойжеткенге қазақ қызының ұлттық бас киімін емес, басқа кейіпкерлердің баскиімін киіп жалаңаштануға кеңес берді.

“Тыржалаңаш, басына сәукеле киіп суретке түскен қыз туралы пікіріңізді айтыңызшы” дегендерге, айтайын. Сәукеле – Ұлттық құндылық. Қазақ қызының өмірінде бір-ақ рет – тек ұзатыларда киетін қасиетті бас киімі. Ар-ұяты. Намысы. Ұлттың намысы. Ал енді ұлттық құндылығымызды, ұлттық намысымызды қорлаған арсыз туралы не пікір айтуға болады? Білімсіз, көргенсіз, тексіз дейсің, басқа не дейсің. Әдетте мұндай “терең білімді суреткерлер” өздерінің мұндай арсыздықтарын “Арт” деп халықты алдағылары келеді. Біз секілді “қараңғылар түсінбейтін мәдениет” деп ақталғылары келеді. Қазақ мәдениетінде ешқашан сәукелені жалаңаш денеге кимеген. Тек бір-ақ рет – ұзатыларда, тек ұлттық киіммен киген! Міне, мәдениет!”, – деп жазды тележүргізуші парақшасында.

Тележүргізуші бойжеткенге Аяз атаның, Санта-Клаустың, Ақшақардың қалпағын киіп суретке түсуге, алайда қазақтың ұлттық құндылығына тиіспеуге шақырды. 

“Жалаңаш түс суретке, еңкейіп түс, тоңқайып түс – өз еркің. Өзіңді өзің қалағаныңша шүберектей таптай бер. Алайда сәукелені таптауға ешкім саған құқық берген жоқ. “Арт” десең – жалаңаш денеңе аяз атаның қалпағын ки, санта клаустың қалпағын ки, ақшақардың қалпағын ки, капюшон ки, тоқыма шәпкі ки, бомждың кепкісін ки – пажалыста саған арт. Кием десе, басқа нәрсе жетпей қалды ма? Ұзатылып келген қалыңдықтың образын сомдаған боп тұрған шығар? Сонда бұл – неке түніне асыққаны сонша, алдымен сәукелесін шешіп жоғары қоюды ұмытып, бірден лыпасын шешкен қалыңдық болғаны да. Иә, арсыздық өнер болған заман болды”, – дейді Әбединова. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирус: Медициналық қызметкерлер неліктен аурудың асқынған түрімен ауырады

Бұл жағдай олардың вирус ортасында көп уақыттарын өткізетіндіктен екен

Шымкент тұрғыны бүкіл отбасына коронавирус таратқан: Індетті жұқтырған оның сегіз туысы анықталды

Шымкентте коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Полиция қызметкері ауыр жарақат алды: Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті соқты

Полиция қызметкерінің екі аяғы сыныпты

Қытайлық дәрігер коронавирус туралы ақпаратты жасыру туралы шағымдардан кейін жоғалып кетті

Қытай билігінің жұмысын сынаған мақала жарияланғаннан кейін дәрігер жоғалып кетті

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Карантин уақытында жеке көлікпен жүруге мүлдем болмайды - Алматы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары: Каарнтин кезінде жеке көлікті пайдалануға тыйым салынған

Қазақстан аумағындағы ішкі пойыздардың қатынасы тоқтатылды

Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды

Қазақстанда коронавирустың 21 жаңа жағдайы тіркелді

Жалпы 423 науқас тіркелді

Сарымсақпен өзіңізді қорғауды жалғастыра бересіз бе? Алматы әкімінің орынбасары неліктен бетпердесіз жүретінін түсіндірді

Ерлан Қожағапанов тікелей эфирде азаматтар мен журналистердің сауалдарына жауап берді

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізе алмай әбігерге түсті
Çàãðóçêà...