Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Әбединова күйеуінің өзге әйелден сәби сүйетінін білгенде оған рұқсатын бергенін ашып айтты

Танымал тележүргізуші Сәуле Әбединова күйеуінің опасыздық жасап, өзге әйелден бала сүйетінін білген кезде оған өз рұқсатын берген. Жүрегі қан жылап тұрса да, қарсылық танытпастан «баланың кінәсі жоқ, барып көріп тұрыңыз» деп айтқан. Маңдайына жазылған тағдырына көндіккен ол, тіпті, «бәйбіше-тоқал» болып күн кешуге қарсы болмаған.

Screenshot_12

Бұл туралы 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтылды.

«Жолдасым басқа әйелінің, ол әйелден баласы бар екенін мойындап айтты. Мойындап айтқан кезде сырттан, көлденең көк аттыдан, бөтен біреуден естімей, өзі айтып, өзі мойындап, картасын алдыма жайып салғандықтан мен оны сол үшін сыйладым.

Әрине, кез келген әйелдің жүрегі ауырады, жаны қиналады, күйзеледі. Барынша білдірмеуге тырыстым. Сол әйелдің аяғы ауыр деді. «Өз аузымнан естігенің дұрыс. Бір нәрсені айтып мойындауым керек. Бала менікі екенін де мойындаймын» деді. Біреу жүрегіме қанжар сұғып алғандай болды. Оңай емес ондай сөзді есту. Ішімнен қан жылап тұрсам да оған қарап: «Бала сіздікі болса барып тұрыңыз. Оны жетімсіретпеңіз, баланың жазығы жоқ» дедім. Сонымен бұл әңгіме жабылып, қайтып біз бұл тақырыпқа оралған жоқпыз. Соның жанына барып тұрды деп айта алмаймын. Бірақ 2-3 күнге, 1 аптаға жоқ болып кеткен кезде оның қайда кеткенін білетін едім», – дейді Сәуле Әбединова.

Одан кейін Сәуле Әбединова бір жыл бойы тоқалы бар еркектің бәйбішесінің күйін кешкен.

Тағдырдың жазуы шығар, бір жылдан кейін Әбединованың анасы науқастанып, оған ауыр ота жасалады. Сол сәтте күйеуінің шын бет-бейнесін аңғарған әйел одан үзілді-кесілді бас тартқан.

«Анамның бауырына операция жасалды. Ташкенттегі онкологиялық ауруханада жатты. Жолдасым жоқ. Еламан деген жолдасымның досынан күйеуімнің мекен-жайын сұрадым. Ол әйелдің Жамбылда тұратынын білетінмін. Мекен-жайын берді. Таңғы 5-ке таман жеттім. Есіктің алдына шықты. Қақаған аязда подъезде сөйлесіп тұрдық. Жағдайды айттым. «Шешеме барамын, баратын болсаңыз қазір жүріңіз, бармайтын болсаңыз азын аулақ ақша тауып беріңіз, барып қайтуыма ақшам аз болып тұр» дедім. Ол кезде жұмыссыз еді.

«Білесің ғой, жұмысым жоқ. Қайдан табамын? Қай бетіммен барамын?» – деді.

«Шешем операцияға түспек түгілі өліп жатса да сіз бармайсыз ғой» дедім де кетіп қалдым. Құдай аузыма салған шығар, 2 айдан кейін шешем өлді. Дәл сол кезде «бұдан кейін мен сізді, сіз мені танымайсыз» дедім», – деді тележүргізуші.

Жіберіп алмаңыз:

Батырхан Шүкенов қайтыс боларының алдында намаз оқуға ниет қылған

Батырхан Шүкеновтің анасы келініне не себепті қатты ренжігінен айтты

Дастан Оразбеков түсірілім кезінде төбелес шығарды

Итальяндық әншінің ата-анасы Әдеміні келін етуге асығып жүр

Талқылау