AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуірде еліміздегі тұрғын үй бағасы 30%-ға жуық қымбаттады

Бір жылда (2022 жылғы сәуір мен 2021 жылғы сәуірді салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірде 22,2% артқан. 

Осы ретте тұрғын үй бағасының қатарынан бесінші жыл өсіп жатқанын атап өткен жөн. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана болды, ол кезде жаңа тұрғын үй нарықта 3,6%-ға арзандады, 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандаған. 

"Бір айдың ішінде (2022 жылғы наурызға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде әрқайсысы 0,8%-ға жоғарылап, шаршы метріне тиісінше 412 315 теңге және 3 561 теңгені құрады", – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетерлігі, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша мониторингті ай сайын жүргізеді. Баға индекстері белгіленген елді мекендер бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат  сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр