Сауда орталықтары мен саябақтар қай уақытқа дейін жабық болады: Алматы әкімдігі жауап берді
Алматыдағы сауда орталықтары мен саябақтардың қай уақытқа дейін жабық болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар шектеу шаралары 2020 жылдың 20-21 маусымы аралығында күшейтілді.
Комиссия шешіміне сәйкес, сауда орталығы, сауда үйлері, дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысына әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық аспан астында ғана жол беріледі. Сондай-ақ, құрылыс және автомобиль базарлары екі күнге жабылады. Тұрғын үй ғимараттарының жанында орналасқан шағын дүкендер жұмысын жалғастырады.
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі сайтындағы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеулер туралы айтты. Қалалық мобильділік бөлімінің бастығы Ерлан Әділов, Кәсіпкерлік және инвестициялар бөлімінің бастығы Еркебұлан Оразалин және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов қаланың қазіргі жағдайынан хабардар етті.
"Төтенше жағдай кезінде біз азық-түлік дүкендерінің, супермаркеттердің жұмысын тоқтата алмадық. Әлі де ондай дүкендерге қажеттілік бар. Дегенмен, сауда орталықтарына дүкендерде демалыс күндері адам өте көп болады. Бұл қауіпті", - деді Е.Оразалин.
Оның айтуынша, жаңа шектеулердің басты айырмашылығы азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендер мен базарлар, Магнум сияқты гипермаркеттер мен супермаркеттер жабылады. Осылайша, адамдарға алдағы демалыс күндерін үйде өткізуге кеңес береді.
Департамент бастығы егер сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан кафелер мен мейрамханалардың жеке кіреберіс есігі болса, онда олар әдеттегідей демалыс күндері де жұмыс істей алатындығын түсіндірді. Алайда сауда орталықтары мен сауда орталықтарында орналасқан сұлулық салондарының жұмысы тоқтатылады.
Сонымен бірге, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлерге жүгініп, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмысқа жіберуге шақырды.
"15-маусымдағы бас дәрігердің қаулысы бар, онда кеңсе қызметкерлері, егер қызметкерлер саны 30 адамнан асса, 50% адамды қашықтықтағы жұмысқа жіберуі керек. Бұл ереженің заңды күші бар екенін айтқым келеді. Біздің қазіргі жағдайымызды ескере отырып, жұмыскерлер тек демалыс күндерін ғана емес, барлық күндері де қашықтықтан жұмыс жасаса", - дейді Н.Әбілшайықов.
Оған қоса, бұрын полиция қызметкерлері мен дәрігерлер арасында ғана ауру анықталса, қазір бір мекемеде жұмыс жасайтын басқа мамандардың арасында да коронавирус инфекциясы таралуда дейді ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
