AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда министрлігі аяқ киімді таңбалау уақыты ұзартылғанын жариялады

Қазақстанда аяқ киімді міндетті түрде цифрлық таңбалау өткен жылдың қараша айында басталды. 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін кәсіпкерлерге таңбаланбаған аяқ киімдерді сатуға рұқсат етілді, одан кейін сөрелерде цифрланған аяқ киім ғана қалуы керек болатын.

Енді, кәсіпкерлердің өтініштеріне байланысты, Қазақстанға 2021 жылдың 01 қарашасына дейін әкелінген аяқ киімдерді таңбалау мерзімін 2023 жылдың 01 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін саудагерлерге ыңғайлы болу үшін, аяқ киімнің салмағы мен өлшем сипаттамаларын толтыруға және фотоларын салуға қойылатын міндетті талаптар жойылған болатын.

Сонымен қатар, шағын бизнесті қолдау мақсатында 2022 жылдың 1 наурызында таңбалау жобасының операторы қалған аяқ киімдерді тегін таңбалау акциясын бастады. Акцияға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Акция барысында кәсіпкерлер таңбалау кодтарын оператордің есебінен шығаруға мүмкіндік алады.

Оған қоса, енді кәсіпкерлерге импорттық аяқ киімді кедендік рәсімдеуден кейін өз қоймаларында таңбалау мүмкіндігі беріледі.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 1 наурызда ҚР № 230-VI Заңымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды таңбалау туралы келісім ратификацияланған болатын. Бұл келісім сұр айналымды барынша азайта отырып, ЕАЭО-да тауар айналымын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұтынушылар сатып алынған өнімнің заңды екендігіне кепілдік алады. Тауарларды таңбалау ЕАЭО елдерінде өзара мойындалатын болады және таңбаланған қазақстандық өнімді Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Арменияға экспорттауға мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр