Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда министрі келер жылы Қазақстанда кейбір базарлар жабылуы мүмкін екенін айтты

БазарФото: pixabay.com

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі базарларды жаңғырты жоспары жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арман Шаққалиев елімізде базарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды.

Министрдің түсіндіруінше, мұндай шара сауда орындары көлеңкелі экономика мен көлеңкелі элементтер шоғырланған орынға айналмауы үшін қолға алынып отыр.

"Жаңғырту бағдарламасы қабылданды, нақты нысандар бар. Осы жылдың соңына дейін бізде жол картасы бар. Онда нақты нысандар және олар бойынша қандай шаралар қабылдау керек екені көрсетілген. 2026 жылы жаңғырту картасына енгізілгенімен, жаңғыртылмаған базарлар жұмысын тоқтатады", – деп мәлімдеді министр.

Еске салсақ, брифингте сауда министрі Қазақстандағы ет бағасына қатысты сұраққа жауап берді. Ол, сондай-ақ, елде ет тапшылығы жоқ екенін, дүкендердегі үстеме бағалармен күрес жүріп жатқанын атап өтті.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 14:46
Талқылау
`