Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы: 10 жылдан кейін Иранмен соғыс болуы мүмкін
Сауд Арабия корольдігінің ханзадасы Мұхаммед бен Салман Аль Сауд алдағы 10-15 жылда Иранмен әскери қақтығыс болуы мүмкін екенін хабарлады.
«Біз әскери қақтығысқа жол бермеу үшін қолдан келгенннің бәрін жасауымыз керек. Егер біз мұны орындай алмасақ 10-15 жылдан кейін Иран мемлекетімен соғыс болуы мүмкін», – деді тақ мұрагері Wall Street басылымына.
Тақтың мұрагері халықаралық қоғамдастыққа Тегеранға қарсы қатаң санкциялар енгізуді ұсынды.
Талқылау