Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл соқты (видео)

Сауд Арабиясының батысында дауыл соқты. Меккедегі толассыз жауын салдарынан қатты жел соғып, шатырларды ұшырып әкетуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі M24.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қатты дауыл Мекке мен Жидда қалаларында болып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода желдің қатты болғаны сондай, жолындағының бәрін ұшырып әкетіп жатыр. Қатты қарқын салдары Меккедегі Ұлы мешітте умра жасайтын қажылардың қозғалысына қауіп төндіруде. 

Сондай-ақ Жиддадан солтүстік-шығысқа қарай Асфан жолында жел мен жаңбырдың қатты әсерінен электр бағаналары құлауда. 

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорологиялық орталығы елдегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Медина, Мекке, Асир, Джазан және Әл-Баха сияқты аймақтарда желмен бірге найзағай ойнайды. Сонымен бірге Наджран және Табук аймақтарында шаң көтеріліп, дауыл соғуы мүмкін. Ал Хафр әл-Батин, Әл-Саман және Рафхта ең жоғары температура 47 градусқа жетсе, Әл-Судта 14 градус Цельсий болып, ылғалдылық 95 пайызға жетті.

Сондай-ақ Түркияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын орман өрті шарпуда. Чанаккале провинциясында қатты желдің салдарынан өртеніп жатқан орман аумағы 15 шақырымға дейін ұлғайды. Алты елді мекен өртке оранып, тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Билік Дарданелдегі екі жақты кеме қатынасын жағдай тұрақталғанға дейін жауып тастады. Чанаккале тас жолы да азаматтық көлік қозғалысына жабылды.

Талқылау