Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясынан келген қазақстандықтан коронавирус табылды

БАӘ-ден қазақстанға келген ер адамда коронавирус тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау хабарламасына сәйкес, науқас қазақстандықтың коронавирусқа тестінің нәтижесі ұшу уақытында алынды (электрондық пошта арқылы).

Жолаушы дереу оқшауланып, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді. 23 қарашада Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 халықаралық әуе рейсі келді. ПТР-тестілеудің теріс нәтижесімен 940 авиажолаушыдан 853 адам, анықтамасыз 86 адам ҚР азаматтары келді:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 235 жолаушы, анықтамалары бар - 194, анықтамалары жоқ - 41;

Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 555 жолаушы, анықтамалары бар - 528, анықтамалары жоқ - 27;

Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 124 жолаушы, анықтамалары бар - 104, анықтамалары жоқ - 20;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 26 жолаушы анықтамамен кірген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тесттен өткен. Барлық 86 адамның тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.

Талқылау