Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Алматыдағы ірі көлік орталықтарының бірінде сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қыздың артынан еріп, оны жасырын бейне таспаға түсіріп алыпты.

6229

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ол туралы редакциямызға қыздың туыстары шағымданды. Жаңа көлік қарауға барып, абыройы шашылып қайтқан бойжеткен күдіктіні сотқа тартамын деп отыр. Ал опасыздық жасаған автоорталық қызметкері бұл әрекетке достарыммен бәстесіп бардым деп ақталыпты.

Туыстарымен бірге жаңа көлік таңдап жүріп, дәретханаға кеткен бойжеткен бірнеше минуттан кейін зәресі ұшып оралады. Белгісіз адам оның артынан еріп, қыздар бөлмесінде өзін таспаға түсіріп алғанын айтады. Аяғының астыңғы жағынан қылтиған Айфон камерасын байқаған клиент айқайлап, іле-шала оның артынан жүгіріп шыққан.

“Камераны көріп болғаннан кейін ұшты-күйлі жоқ. Кәдімгідей қашты. Оны милициямен алдыртып, ақыры шақыртып алдық. Ең соңында ақыры өзінің кінәсін мойындады. Алматылық жігіт, жасы 24-те, отбасылы, әйелі екіқабат екен. Арыз жазған кезде достарыммен осылай бәстестім, “слабо, ни слабо” дегендей түсіріпті”, – дейді жәбірленушінің жеңгесі.

Намысы қорланған жәбірленуші тарап компания болған оқиғаны жылы жауып, өзімізге дүрсе қойып, салоннан асығыс қуып жіберуге асықты -дейді. Тәртіп сақшыларын шақыртып, күдіктіні қуалап жүріп ұстап, атына арыз жазсақ та, өкініш білдіріп, кешірім сұрап тұрған ешкімді көрмедік -деп наразы.

Ал компания өкілдері ол жігітті ертеңіне жұмыстан шығарып жібердік -деп ақталып тұр. Айтуларынша, бір жарым ай бұрын қызметке қабылданған менеджер өзінің сынақ мерзімін де аяқтап үлгермепті.

“Бұл қызметкер отбасылы. Оның алдыңғы жұмыс істеген компаниясында жақсы еңбек өтілі бар, резюмесі жақсы. Ешқандай диспансерде, ешқандай есепте тұрған жоқ. Өмірде әртүрлі жағдай кездеседі ғой”, – авто орталықтың Сату бөлімінің жетекшісі Илья Буланов.

Қазір жәбірленушілер полицияға арыз жазып, күдіктіге қатысты азаматтық іс қозғалуы мүмкін. Алайда заңгер Сергей Уткин бұл жағдайда күдіктіні ғана емес, жұмыс берушіні де жауапкершілікке шақырып, моральдық шығын талап етуге болады -дейді.

“Азаматтық кодексте көрсетілгендей бұндай жағдайда жауапкершілік жұмыс берушіге жүктеледі. Жәбірленушілер аталмыш компания атына арыз жазып, олардан моральдық шығын талап етуге құқылы. Ал бұл ақшаны жұмыс беруші өз қызметкерінен өндіріп ала ма, басқа ма ол өз шаруасы. Себебі қызметкер тарапынан болған құқық бұзушылық оның жұмыс орнында, қызметін атқару кезінде орын алған”,- заңгер Сергей Уткин.

Енді бойжеткеннің туыстары бейнежазбаның ғаламторға таралып кетуінен қорқып отыр. Егер күдікті таспаны жойып тастамай тұрып, оны өзге біреулерге таратып үлгерсе, тұрмысқа шығып үлгермеген қызымыздың болашағына балта шабылады -деп налиды олар.

Жіберіп алмаңыз:

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Алматыда ер адамдарға жабыса кететін 700 жезөкше ұсталды

Алматыда қайыршы болып кеткен спортшының екі пәтері бар болып шықты

Талқылау