«Сәтті Жұлдыз» қайырымдылық жасап, жүлделі болуға көбірек мүмкіндік ұсынады
Лотерея танымал ойын-сауық түріне және қазақстандықтар үшін үлкен ұтыс алу мүмкіндігіне айналып үлгерді. 22 қыркүйектен бастап, "Сәтті Жұлдыз" лотереясы билеттерінің бағасы өзгереді. Алайда компания өкілдерінің сөзінше, бағаның өзгеруі лотерея сүйер қауымға қосымша мүмкіндік бермек. Бұл мақалада Қазақстандағы әлеуметтік бастамаларға оның қалай әсер ететінін талдаймыз.
Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға үлес қосу
Лотерея билеттерінің бағасы көтерілсе де әрбір қатысушы жастар спортының дамуына өз үлесін қоса алады. Бұл қаражат спорт нысандарын салуға, құрал-жабдықтарды сатып алуға және жас спортшылардың оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруға жіберіледі. Тиісінше мұндай қадам балалардың физикалық және моральдық дамуын қамтамасыз ету және елдегі спорттық бастамаларды қолдау үшін маңызды.
Қиындықсыз қайырымдылық
Лотерея билеттерінің бағасын көтеру "Қазақстан халқына" қорын қолдауға бағытталған. Бұл қор елімізде әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеуде. Билет сатудан түскен табыстың үлесі Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартатын медицина, білім, мәдениет және басқа да әлеуметтік бастамаларды қолдау сияқты түрлі бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. Осы жылдың өзінде қорға 2,3 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген.
Бұдан бөлек, бағаның көтерілуі аясында қоғамдық спортты дамытуға арналған "Спорт қорына" қосымша қолдау көрсетуге бағытталған. 2018 жылдан бастап, 2023 жылдың 6 айын қосқанда, лотереядан осы қорға 9,6 миллиард теңге қаржы түскен. Енді бұл қаржы еселене түспек.
Қоғамдағы әрбір адамның өмірін жақсарту үшін билет сатып алуға болады. Себебі лотерея билеттерін ала отырып, "Жаңа өмір" жобасы аясында құмар ойындарға тәуелділікпен күресу мақсатында тегін семинарлар мен дәрістер ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. Мұнда құмар ойынға тәуелді адамдар ғана емес, олардың туыстары да келіп, оларға психологиялық көмек көрсетіліп, құмар ойындардан пайда табуға болмайтыны айтылады.
Үлкен ұтыстар және ұтыс ойындарының көбеюі
Лотереяға билет алудағы ең негізгі мотивтің бірі - үлкен көлемде қаржылай ұтыс алу мүмкіндігі. Лотереяда жүлделі болған жеңімпаздардың өмірі түбегейлі өзгеріп, олардың мақсаттары мен армандарына жетуге жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Сондай-ақ, автокөліктер мен пәтерлерді қоса алғанда, қосымша ұтыс ойындарының жиілігі артатынын атап өткен жөн. Бұл сыйлықтар қатысушылардың жеңіске жетуіне мүмкіндікті тағы арттыра түсетіні анық.
Мемлекеттік бюджетке пайда
Лотерея билеттері бағасының өзгеруінің тағы бір жағымды бөлігі – мемлекеттік бюджетке жіберілетін қаражатты ұлғайту. Бұл қаражатты инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қолдау сияқты әртүрлі мемлекеттік қажеттіліктерге пайдалануға болады. Бұл азаматтардың өмірін жақсартатын және жалпы елдің дамуына ықпал ететін қосымша ресурс.
Қазақстанда лотерея билеттері бағасының өсуі әр қатысушының балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына қосқан үлесі, әлеуметтік бастамаларды қолдауы деп бағалауға болады. Бұған қоса, үлкен ұтыстар уәдесін және мемлекеттік бюджетке аударымдарды ұлғайту сынды бірқатар керемет аргументтермен ақталады. Алғашқы күмәнға қарамастан, бұл өзгерістер қоғамға оң әсер етіп, қоғам өмірінің әртүрлі салаларын дамытуға ықпал етуі мүмкін.