"Сәтті Жұлдыз" интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосуда
Ертеңге деген сенімі мол ел болып қалыптасу үшін бірінші кезекте интеллектуалды ұлтқа айналу қажет. Сондықтан қазірден бастап жас бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларға дұрыс бағыт беру маңызды. "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы осы мақсатты жүзеге асыру үшін "Интеллектуалды сынып конструкторы" жобасын іске қосты.
Лотерея билетіне жұмсаған ақшаңыздың бір бөлігі қоғамға маңызды өзгерістер алып келуде. Соңғы екі жыл ішінде "Сәтті Жұлдыз" лотереясы ерікті түрде әртүрлі әлеуметтік, спорттық және интеллектуалдық жобаларды іске асыру үшін 1 миллиард теңге жұмсаған. Ауыл тұрғындарын, жастар мен балаларды спортқа баулу үшін "100 ауыл" жобасы аясында 103 ауылға спорттық инвентарлар орнатылған. Соңғы 2 жылда бұл жобаға 20 миллион теңге жұмсалған.
Ал "Интеллектуалды сынып конструкторы" жобасы аясында осыдан бір ай бұрын Ақмола облысындағы Қажымұқан ауылдық мектебінде ерекше сынып ашылды. Мұнда оқушылар интеллектуалды спортпен айналысып, жергілікті кәсіпкерлер мен "Сәтті Жұлдыз" компаниясының қолдауымен өзара турнирлер ұйымдастырып үлгерген.
"Интеллектуалды сынып конструкторы" жобасы ауыл-аймақтағы балалардың, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалардың арнайы мүмкіндіктерге ие болуына жол аша отырып, білім берудегі әлеуметтік теңдікті қолдайды.
Оқушылардың интеллектуалды спортқа бейімделуіне мүмкіндік береді. Мектептерде шахмат және тоғызқұмалақ ойнауға арнайы кабинеттер құрылып, олар қажетті құрал-жабдықтармен, соның ішінде шахмат тақталарымен, сағаттармен, тоғызқұмалақ тақталарымен және ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған. Әртүрлі ауыл-аймақтарда жұмыс істеп жатқан жобаға "Сәтті Жұлдыз" компаниясы 26 миллион теңге бөлген.
Сонымен қатар, ұлттық лотерея мемлекеттік тілді қолдауға арналған "Ана тілі" жобасына 12 миллион, жағдайы төмен отбасыларды қолдауға арналған "Халық" жобасына 52 миллион, 6-12 жас аралығындағы қыздарға арнап гимнастика сабақтарын өткізуге арналған "Сұлу – бақытты балалық алаңы" жобасына 108 миллион теңге жұмсаған. Бұл ұлттық лотереяның балаларға бақытты балалық шақ сыйлап, қоғамға оң өзгеріс алып келуге арналған жобаларының бір бөлігі ғана. Алайда бұл игі істерді "Сәтті Жұлдыз" компаниясымен қатар, әр билетті сатып алған әрбір қазақстандық жасап жатқанын ұмытпау керек.
Билет алып, "Сәтті Жұлдыз" көмек қоржынына үлес қосып қана қоймай, өзіңізге де қуаныш сыйлап, тосын-сыймен қуантатын тағы бір мүмкіндік туып отыр.
Ендеше 27 қазан күні кешкі сағат 22:00-де "Сәтті Жұлдыз" YouTube арнасында тікелей эфирде автокөлік ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Ол үшін жұма күні болатын "Автомобиль" лото-жиынтығына билет алыңыз. Haval H6 маркалы көлігінің кілтін алу үшін алты комбинациясы бар билет сатып алу керек. Бұл билеттермен қазір 71 миллион теңгеден көп сомманы құрап тұрған Супер жүлдені де ұтып алуға болады. Неғұрлым көп билет сатып алсаңыз, көлік пен қомақты қаржы ұтуға мүмкіндігіңізде соғұрлым өсетін болады.