"Сәтті Жұлдыз" бір жыл ішінде "Қазақстан халқына" қорына 3,7 миллиард теңге аударды
"Сәтті Жұлдыз" лотереясы халықтың көңілін көтеріп, демалыста уақытты пайдалы өткізуге жол ашып қана қоймай, әлеуметтік және спорттық шараларға көмек беріп, қайырымдылық жасаумен айналысады. Бүгін сіздің лотерея билетіне жаратқан қаржыңыз қандай қайырымды істерге жұмсалып жатқанын айтамыз.
Лотерея нарығы елмен бірге өзгеріп, алты жыл ішінде ашық, заман талабына сай, қауіпсіз болып, әрі қоғамға көптеген пайда әкелу жолдарын тапты.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, лотерея кірістерінен түскен қаржы мен жүлденің 10%-ы "Sport qory" дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс қаржыны бөлу жөніндегі бірыңғай оператор есебіне аударылады. Осы кезге дейін сіз қатысқан "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан дене шынықтыру мен спортты дамытуға барлығы 9,6 миллиард теңге қаржылай көмек жіберілді.
Ал биыл жаңа заңнамаға сәйкес Ұлттық лотерея кірісі мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде 10%-ын "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорына аударып отыруға тиіс. Алайда бұл заңға өзгеріс енбей тұрып-ақ Ұлттық лотерея өз еркімен осы Қорға 101 млн теңге аударып үлгерген еді. Ал 2023 жылдың бастапқы үш тоқсанында "Сәтті Жұлдыз" "Қазақстан халқына" қорына 3,7 миллиард теңге аударды. Алдыңғы екі тоқсан көрсеткіші бойынша 2,3 миллиард болса, үшінші тоқсанда бұл сома рекордты 1,3 миллиард теңгені құрады.
Бұдан бөлек компания осыған дейін қолдап келген өзге де әлеуметтік әрі спорттық жобаларға көмек беруді жалғастырады. Осы тоқсаннан бастап жаңа әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыра бастайды.
Ұлттық лотереяның жобалар тізімі:
- Аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан түлектерге білім грантын беру;
- Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту;
- Эстетикалық топтық гимнастика;
- "100 ауыл" жобасы;
- Қоғам қайраткері Жан Ақжановтың фотокөрмесі;
- Зағип балаларды балабақшаға қосу моделін дамытуға бағытталған;
- "Дара" қорының "Түрлі-түсті әлем: уақытылы жетілу" арнайы жобасын қолдау;
- "Халық" қорымен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді тарату;
- "Жекпе-жек өнері" қауымдастығын қолдау;
- "Бақытты отбасы" жобасы;
- "Batyrs Battle’s";
- "Qazaqstan Barysy" спорттық іс-шарасы;
- "Qazaqsha kures" спорттық іс-шарасы.
Осылайша сіз сатып алған әрбір билет көңіл-күйіңізді көтеріп, бағыңызды сынап, жүлде ұтуға ғана мүмкіндік бермейді. Әрбір сатылған билеттің бір бөлігі ел әлеуетін жақсартуға жұмсалады.
Спорт және туризм министрлігінің ресми елшісі, әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы Сергей Цырульников "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының жастардың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын алға тартты. Спортшы үш жылдан бері ауыл мектептерін спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келе жатқан "100 ауыл" жобасына да тоқтала кетті.
"Екі жылдан бері компаниямен серіктестігімізді жалғастырудамыз. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам ауыл балаларын спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп, 103 мектепті қамтыдық. Жоба аясында шеберлік сыныптары мен ашық оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Танымал спортшылар мектеп оқушыларымен кездесіп, бір ауылда баскетболдан ұлттық құраманың өкілдері олармен ойын өткізді. Одан бөлек, зілтемірші Илья Ильин де ауыл тұрғындарымен жүздесіп, оларға ұмытылмас әсер қалдырды. Осындай мысалдар өте көп. Мұның бәрі "Сәтті Жұлдыз" сияқты компаниялардың қолдауының арқасында”, - деп атап өтті Сергей Цырульников.
"Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы қолдау көрсеткен "Конструктор зияткерлік сыныбы" әлеуметтік жобасы да сәтті шықты. Мұнда қайырымды жандар ауыл мектептерін аралап, шахмат, тоғызқұмалақ сынды үстел ойындарын дамытуға арналған кабинеттерді жабдықтады.
"Жоба аясында құрылған арнайы сыныптар балалардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдерге жаңа мүмкіндіктер сыйлап, олардың ой-өрісін кеңейтеді. Жобаны танымал спортшылар, депутаттар, қоғам қайраткерлері қолдады. Бұл тең және инклюзивті білім беру іс-шараларының бір бөлігі. Сабақтар балалар мен жасөспірімдер үшін жұмыс күндері, ересектер үшін демалыс күндері өткізіліп, оларға бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді", - дейді жобаның бастамашысы.
Мұндай сыныптар биыл үш ауылда ашылған. Жыл соңына дейін олардың санын 20-ға жеткізу көзделген.
"Жыл соңына дейін зияткерлік үстел ойындарын 5 мыңға жуық адам ойнайтын болады. Мұнда тек жастар ғана емес, ауыл ересектері де болады. Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстарын қамтымақпыз. Жалпы әр облыста осындай 10 сынып ашылады. Соның нәтижесінде чемпионаттар өткізіп, жеңімпазды Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын аралауға жібереміз. Ал осы сабақтармен еліміздің басқа облыстары қамтамасыз етілген кезде республикалық чемпионаттар ұйымдастырамыз", - деді Сергей Цырульников.
2016 жылғы 9 сәуірде қабылданған "Лотерея және лотерея қызметі туралы" №495-V ҚР Заңнамасына сәйкес (2016 жылғы 1 мамырда қолданысқа енгізілді), сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысы бойынша компания қазір Қазақстан Республикасындағы Ұлттық лотерея болып есептеледі. Аталмыш заңға сәйкес компания табысының 10%-ы "Қазақстан халқына" қорына, 10%-ы "Sport Qory"-нa жіберіледі.
"Сәтті жұлдыз" ұлттық лотереясы – Дүниежүзілік (WLA) және Еуропалық лотерея қауымдастығының (ELA) мүшесі. Жыл сайын "PriceWaterhouseCoopers" аудитінен өтеді және "ResponsibleGaming" сертификатын растайды.