Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтпаевтың тамаша ойыны "Қайратқа" көшбасшылықты қайтарды

Фото: fckairat.com

Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалған 8-тур ойынында алматылық "Қайрат" өз алаңында астаналық "Жеңіске" қарсы ойнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу Орталық стадионда өтіп, бас төреші қызметін талдықорғандық Сергей Ноженко атқарды.

Матч басынан қонақтар қорғанысқа көңіл бөліп, алматылықтарға шабуыл жасауға мүмкіндік берді. 12-минутта Дастан Сәтпаев қақпаны алыстан дәл көздеп есеп ашты. 37-минутта ол қақпашымен жеке шыққан сәтін сәтті пайдаланып, дубль авторы атанды. Екінші тайм басында "Жеңіс" қарымта қайтарып, Адилионың шабуылынан кейін Исламбек Қуат баспен гол соқты. Алайда "Қайрат" басымдығын арттыра түсті. 80-минутта Александр Мрынскийдің пастарын пайдаланып, Рикардиньо есепті 3:1-ге жеткізді.

Бұл жеңістің арқасында "Қайрат" 52 ұпайға ие болып, турнир кестесінде бірінші орынға қайта көтерілді. "Астана" екі ұпайға артта қалды. "Жеңіс" 31 ұпаймен 8-орында қалды.

"Қайрат" — "Жеңіс" 3:1 (2:0)
Голдар: Сәтпаев 12 (1:0), Сәтпаев 37 (2:0), Қуат 52 (2:1), Рикардиньо 80 (3:1).

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 20:54
Талқылау