Сәтпаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ұсталғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық дереккөзден
Шапағат Әубәкірдің қазір қамауда отырғаны хабарланды.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды”, – деп мәлімдеді антикор.
Ол әкім болып 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған. Бұған дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
- 2023 жылдың басынан бері Қазақстанның білім беру саласында 13 млрд теңге залал келтірген 192 іс тергелген
- Антикор халықаралық жасыл технологиялар орталығының басшысын ұстады
Әлеуметтік желілерде әкімнің мердігерден 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталғаны айтылған.
Шапағат Әубәкір 2006 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді. Бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы болып жұмыс істеді. 2021-2023 жылдар аралығында Сәтбаев қаласының депутаты болған.
Бұған дейін Ұлытау облысы мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған.