Ұлытау облысы мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі лауазымды шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Күдікті облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 миллион теңге көлемінде пара алған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн