Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтпаев тұрғындарын "жаппай ұстау мен азаптау" туралы прокуратура түсініктеме берді

23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні Сәтпаев қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін тәртіп сақшылары 16 күдіктіні ұстады. Тағы екеуіне іздеу жарияланды. Бұл туралы Сәтпаев қаласының прокуроры Төлеубек Рымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыскер

Қала прокуроры Төлеубек Рымбаев Сәтпаевтағы жаппай тәртіпсіздікті тергеу барысында полиция қызметкерлері 16 адамды ұстағанын хабарлады. Тағы екеуіне іздеу жарияланды. Олар полиция қызметкерлеріне бұзақылық жасады, мүлкін бүлдірді және ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінді. Ұсталғандардың барлығы көшедегі бақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында анықталды.

"24 шілдеге қараған түні қалада бұзақылық, мүлікті қасақана бүлдіру, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салу, олардың қызметіне кедергі жасау фактілері орын алды. Мұның бәрі ҚР қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс болып табылады. Барлық фактілер бойынша полиция тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта 16 адам анықталып, ұсталды. Екі адамға іздеу жарияланды", - деді Төлеубек Рымбаев.

Сондай-ақ, қала прокуроры әлеуметтік желілерде полицияның 60 адамды ұстап, оларды азаптағаны туралы хабарламаларды жоққа шығарды.

"Ұсталған барлық 16 күдіктіге қорғаушылар берілді. Прокурорлар тергеу барысының заңдылығын қадағалайды, ешқандай заңсыздық анықталған жоқ. Желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескере отырып, полиция органдары "жалған ақпарат тарату" бойынша тергеуді бастады", - деп толықтырды Сәтпаев қаласының прокуроры.

Айта кетейік, 24 шілдеге қараған түні Сәтпаев қаласында 5 жасар қыз жоғалды. Сәтпаев тұрғындары 5 жасар қызды ұрлап кеткен күдіктіні жазаламақ болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр