Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика министрі Сәтқалиев вице-министрдің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Брифингте журналистер министрден вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтің ведомство басшылығымен жанжалдасып, жұмыстан шығып кеткені туралы қауесеттің рас, өтірігін сұрады.  

"Менің орынбасарым басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан кету туралы шешім қабылдады. Оның бір айға жуық пайдаланылмаған демалыс күндері болды. Жұмыстан шығар алдында ол еңбек заңнамасында көрсетілген ережелер негізінде осы демалыс күндерін пайдалануға құқылы. Демалысы аяқталған соң басқа жұмысқа ауысуды жоспарлап отыр. Қазір үміткерлер қарастырылуда, келісілген бойда міндетті түрде хабарлаймыз", - деді Сәтқалиев.

Бұған дейін, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кеткені туралы жазған едік. 

Нұрмағанбетов басшылықпен жанжалдасып қалғаны үшін жұмыстан шығып кетті деген қауесет тарады. Осыған қатысты министрлік түсініктеме берді.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты кейін жұмыстан босатылды.

Талқылау