Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтбаевта бес жасар қызды зорлады деп айыпталған ерлі-зайыпты соттан өзін толық ақтауды сұрады

Былтыр Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында бес жасар бүлдіршінді қорлаған ерлі-зайыпты сотқа апелляциялық шағым түсірді. Олар соттан өздеріне кесілген үкімді жеңілдетуді емес, тағылған айыптан толық ақтауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы түскен шағымды заң бойынша қарайтындарын жеткізді. 

Айта кетсек, 2020 жылдың 23 шілдесінде қаршадай қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алғаны анықталды. Ол мас күйінде болған.

Содан кейін Г. өзінің көршісі П.-ға қоңырау шалып, зорлық жасауды ұсынды, соңғысы келісімін береді.

Содан кейін олар П.-нің әйеліне қоңырау шалады, әйел олардың қылмыстық ниеттері туралы біле тұра, балаға белгісіз инъекция еккен.

Қыз есінен тана бастайды. Содан кейін Г. мен П. кәмелетке толмаған бес жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасайды.

Сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушінің психикалық саулығына ауыр зиян келтірілген.

Осыдан бір ай бұрын алқа билер кеңесі кішкентай қызды зорлады деп айыпталған еркекті өмір бақи бас бостандығынан айырды. Ал бүлдіршіннің денесіне жансыздандыру инесін салған оның әйелі 22 жыл жаза арқалаған еді.

Қызды зорлаған айыпталушының бірі – 62 жастағы азамат былтыр күзде тергеу изоляторында асылып қалған болатын.

Ал қаршадай қызға қорлық көрсеткендерді тас-таяқпен өздері жазаламақ болған 55 қала тұрғынына осыдан екі ай бұрын үкім кесілген. Олардың тоғызы 3 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған 46 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза арқалады.

Талқылау