Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сасқанымнан інісімін дедім": Ердос Қанаев қызбен танысамын деп ұятқа қалғаны туралы

Ердос Қанаев қызбен танысамын деп ұятқа қалғаны туралы айтып, өткенін есіне алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеніттігі.

Белгілі әнші бала күнінде қатты ғашық болған қызының анасының алдында ұятқа қалғанын есіне алды. Өнер иесі өзінің қатарласын ұнатып, сыныбына барып, қызды сұрап алмақшы болған екен. Алайда, бұл жоспары жүзеге аспай қалған сияқты.

"Орта мектепті оқып жүріп, паралель сыныптағы бір қызға ғашық болып жүрген кезім. Сөйтіп күндердің күнінде оның сыныбына барып, есігінің сыртынан тыңдасам математика сабағы болып жатыр екен. Содан мәдениеттілікпен есігін қағып, "Сол қызды бола ма екен" деп сұрадым", - дейді Елдос Қанаев.

Мұғалім Ердос Қанаевқа тосыннан сұрақ қойып, тапқыр жігіт сөз тауып кеткен. Қыздың інісімін деп ұстазға өтірік айтқан әнші, артынша мұғалімнің өзі қыздың анасы екенін білген. Осылайша өнер иесі жұртты күлкіге қарық қылды. 

"Апайда "Сен оның кімі боласың, не үшін керек?" деп сұрақты қоя салмасы барма. Сасқанымнан "Інісі едім, үйдің кілтін аламын" дей салдым. Апай жаңағы қызға күлімсіреп "Барып келе ғой" деді. Қыз сыныптан шыға салысымен маған "Қуасың ба сен, сабақ беріп жатқан мамамғой" дейді", - деп күлкіге қарық қылды Елдос Қанаев. 

STAN.KZ
Жұма, 26 Шілде, 2019 11:23
Талқылау