Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сасығым": Нұржан Керменбаев келіншегін қалай еркелететіні туралы

Нұржан Керменбаев келіншегін қалай еркелететіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сасығым: Нұржан Керменбаев келіншегін қалай еркелететіні туралы

Қазақтың қара домалақ баласы желідегі парақшасында келіншегінің суретін жариялап, әйелі туралы айтып берген. Келіншегін ерекше еркелететін ол, тойда болған қызықты оқиғамен де бөлісіп үлгерді. Оған қоса, Нұржан Керменбаев оқырмандарынан екінші жұптарын қалай еркелететінін сұрауды ұмытпаған. 

"Екі ұлымның анасы ғой. Танысып қойыңыздар. Есімі - Назерке. Мен оны Қатөш деп еркелетем. Кеше бір тойда үйленіп жатқан жігіт өзінің келіншегін "Сасығым" деп еркелететінін айты. Оның жанында біздің "Қатеш" деуіміз жақсы екен ғой деп қалдым. Сондықтан Қатөн шәй қоя бер. Жақында барамын десең. Ал сіз жұбайыңызды қалай еркелетесіз?" - дейді Нұржан Керменбаев. 

Мұны көрген желідегі жұрт таңқалғандарын жасыра алмады. Олар өнер иесіне бақыт тілесіп, лақап аттарды жарыса жазған.

"Бауырым, бақытты болыңдар", "Мені Сәйкібас дейді", "Маған күніне бір ат қояды. Жігітімнің қиялы шексіз", "Мені гугл дейді", "Айтсам ұят болады", - десті жұрт. 

Талқылау